ҚАЕУ-де «GITTER MANN» адвокаттық кеңсесімен бірлесіп заң клиникасы іске қосылды

2025 жылғы 26 қыркүйекте ҚАЕУ-де жұмыс кездесуі өтті, оның барысында Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «GITTER MANN» адвокаттық кеңсесі» Мекемесі арасында университет базасында заң клиникасын құру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ҚАЕУ Заң клиникасы «GITTER MANN» Адвокаттық кеңсесімен бірлесіп жұмыс істейтін болады. Бұл кездесуге ҚАЕУ әкімшілігі мен профессор-оқытушылар өкілдері, сондай-ақ адвокат Гитерман Александр Александрович қатысты.

 Кездесу барысында заң клиникасының құрылтайлық және ішкі құжаттары, әкімшілік-ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер, тараптардың өзара іс-қимылы, коммуникациялар мен есептілік, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды.

ҚАЕУ-де заң клиникасының ашылуы құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттеріне қажетті практикалық тәжірибе алуға және мұқтаж азаматтардың санаттарына заңгерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы