ҚАЕУ-де студенттердің журналистпен және YK.KZ сайты редакторымен кездесуі өтті

2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Журналистика» және «Маркетинг және PR-қызмет» білім беру бағдарламаларының студенттері – журналист және ақпараттық YK.KZ.сайтының редакторы Наталья Шимолинамен кездесті

Кездесу білім алушыларды заманауи журналистиканың  тәжірибелік аспектілерімен, интернет-БАҚ жұмысының ерекшеліктерімен және медиасала дамуының өзекті үрдістерімен таныстыруға бағытталған.

Кездесу барысында Наталья Шимолина студенттермен өзінің кәсіби тарихымен бөлісті, журналистикадағы алғашқы қадамдар, мамандықтың қалыптасуы және ақпараттық YK.KZ. сайт редакциясындағы жұмыс тәжірибесі туралы айтты. Қонақ заманауи журналистің жұмысының ерекшеліктеріне, күнделікті іс-әрекетте кездесетін қиындықтарға және медиасалада табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларға ерекше назар аударды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, журналистика туралы алғашқы ауыздан біліп, қазіргі маманнан  тәжірибелік кеңестер ала алды.

Наталья Анатольевнаға қызықты және мазмұнды кездесу, ашықтық және студенттермен кәсіби тәжірибелерімен бөлісуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Болашақ журналистер мен маркетинг және PR саласындағы мамандарды кәсіби дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты одан әрі жемісті ынтымақтастыққа және жалғастыруға үміттенеміз.

Педагогика және психология кафедрасы