ҚАЕУ-дегі қаржылық сауаттылық бойынша семинар

2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Фридом Банк Казахстан» АҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп ұйымдастырылған маңызды білім беру іс – шарасы – оқыту семинары өтті.

Кездесудің басты мақсаты – студенттер мен оқытушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заманауи қаржылық қатерлерден қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Семинар аясында мына өзекті мәселелер қаралды:

  • банк және қаржы саласындағы алаяқтық схемаларды қалай тануға болады;
  • банктік өнімдер мен онлайн қызметтерді қалай қауіпсіз пайдалануға болады;
  • күдікті операциялар кезінде қандай әрекеттер жасау керек;
  • жеке қауіпсіздік пен табысты болашақты құрудағы қаржылық сауаттылықтың рөлі.

Сарапшылар  тәжірибелік кеңестермен, нақты мысалдармен және пайдалы ұсыныстармен бөлісті және  тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Студенттер жан-жақты қызығушылық танытты: пікірталастарға белсенді қатысты, өз мысалдарын келтірді және күнделікті өмірдегі қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді нақтылады.

Мұндай кездесулер – бұл жаңа білім алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қаржыға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы маңызды қадам. Біздің университет үшін мұндай іс-шаралар жетекші банктермен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықта өтетіні ерекше маңызды.

Біз «Фридом Банк Қазақстан» АҚ мен ҚР Ұлттық Банкінің мамандарына құнды тәжірибесі үшін, сондай-ақ семинарға қатысқан барлық студенттер мен оқытушыларға алғысымызды білдіреміз.

ҚАЕУ әрқашан  тәжірибелік білімді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды және студенттерімізге сенімді, сауатты және қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне дайын болуға көмектесетін кездесулер ұйымдастыруды жалғастырады.