ҚАЕУ-дегі Кәсіпкерлік күні – бастау сәті қазірдің өзінде!

2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде Д. Ивенсон атындағы Кәсіпкерлік орталығы «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми конгресі аясында ұйымдастырған «Startup Day» Кәсіпкерлік күні өтті.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының студенттерін, оқытушыларын және табысты кәсіпкерлерін біріктіріп, шабыт алу, тәжірибе алмасу және жаңа бизнес-идеялардың пайда болуы үшін нағыз алаңға айналды.

Бағдарламада «Біз қалай бастадық – сендер қалай бастауларың керек», панельдік талқылауы, интерактивті сұрақ-жауап сессиясы, сондай-ақ   «Стартапты 50 минут ішінде іске қос!» бірегей командалық ойын болды, мұнда студенттер тәжірибелі тәлімгерлермен бірге өз идеяларын нақты жобаларға айналдырды.

Спикерлер мен тәлімгерлер ретінде өңірдің бизнес-қоғамдастығының белгілі өкілдері сөз сөйледі:

– Елена Абилова – Березинская – ШҚО іскер әйелдерінің көшбасшысы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі;

– Эльвира Аллахвердиева – Көшбасшылар клубының негізін қалаушы, коуч және кәсіби бағдар беруші;

– Анна Аберле – «Эмиль» ЖШС директоры, «Сүт Экспресс» брендінің негізін қалаушы;

– Сергей Кляпицкий – 11 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан «Prodvestion» жарнама агенттігінің иесі;

– Бауыржан Төлебаев – танымал APPETIT стрит-фуд брендінің негізін қалаушы.

Тәлімгерлер қалыптасуларының жеке тарихымен бөлісті, кәсіпкерлік жолдың қиындықтары туралы айтып, бастамашылықтың, икемділіктің және өз шешімдері үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қабілетінің маңыздылығын атап өтті.

Тәжірибелік бөлім ерекше орын алды, оның барысында командалардағы студенттер өздерінің бизнес-жобаларын әзірлеп, оларды сарапшылар алдындағы питч-сессияға ұсынды. Көптеген идеялар қаланың өзекті мәселелеріне – экологиядан бастап қызмет көрсету саласына дейін қатысты, бұл жастардың армандауға ғана емес, әрекет етуге де дайын екенін көрсетті.

Финалда бірнеше қатысушы қазірдің өзінде пысықталған бизнес-жоспарларын ұсынды және шақырылған кәсіпкерлерден жеке ұсыныстар алды.

ҚАЕУ-дегі  «Кәсіпкерлік күні»  университеттің бастамашыл, креативті және нақты сын-тегеуріндерге дайын жастарды дамыту үшін кеңістік құруының жарқын мысалы болды. Шынында да, осындай кездесулерден Қазақстанның болашақ көшбасшылары, инноваторлары мен жаңа идеяларын жасаушылар дүниеге келеді.

Бұл күн үлкен жолдың бастауы болсын – кәсіпкер, көшбасшы, жаңашыл жолының.