ҚАЕУ делегациясы Үлкен Алтай өңірлері Экономикалық кеңесінің III отырысына қатысты
2026 жылғы 25 қыркүйекте Өскеменде Үлкен Алтай өңірлерінің экономикалық кеңесінің III отырысы өтті. Кездесудің басты тақырыбы Үлкен Алтай өңірлерінің экономикалық ынтымақтастығын дамыту және сындарлы диалогтан бірлескен жобаларды іске асыруға көшу болды.
Халықаралық іс-шараға Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі мен Тыва Республикасының, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациялары, сондай-ақ Моңғолияның Баян-Өлгей және Ховд аймақтары қатысты.
Отырыста Қазақстан-Американдық еркін университетін ҚАЕУ Президенті, академик Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев бастаған делегация болды.
Академик Е.Ә. Мәмбетқазиев өз сөзінде білікті кадрларды даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық сын-қатерлер әртүрлі елдер университеттерінің білім беру және ғылыми әлеуетін біріктіруді, академиялық ұтқырлықты дамытуды, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды және озық тәжірибемен алмасуды талап ететінін атап өтті.
ҚАЕУ Президентінің пікірінше, жоғары оқу орындары, мемлекеттік құрылымдар мен іскерлік қоғамдастық өкілдері арасындағы тығыз өзара іс-қимыл жаһандық өзгерістер жағдайында тиімді жұмыс істей алатын және Үлкен Алтай өңірлерінің тұрақты дамуына үлес қоса алатын сұранысқа ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Отырыс барысында қатысушылар экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады, өз өңірлерінің экономикалық және инвестициялық әлеуетін ұсынды, сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Іс-шара аясында Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған туроператорлар көрмесі өтті.
ҚАЕУ-нің экономикалық кеңес жұмысына қатысуы университеттің халықаралық диалогты дамытудағы, ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтудағы және өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы маңызды рөлін дәлелдейді.
ҚАЕУ-халықаралық әріптестік, білім беру және жаңа мүмкіндіктер аумағы!






