ҚАЕУ Диссертациялық кеңесінде философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертацияны  алғашқы қорғау

2025 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан – Американдық еркін университеті жанындағы «8D042 -Құқық» Диссертациялық кеңесінде маңызды тарихи оқиға болды «8D042 —– Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияның алғашқы қорғалуы өтті.

Докторант Әділмұратова Рита Әділмұратқызы «Сот ісін жүргізу тілінің қағидаты және аудармашының Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіне қатысу мәселелері» тақырыбында ғылыми зерттеуді сәтті ұсынды.

Жұмыс ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының базасында орындалды. Ғылыми жетекшілікті «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Қайрат Оралқанұлы Алембаев жүзеге асырды. Шетелдік ғылыми кеңесші М.В.Ломоносов атындағы ММУ заң факультетінің криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Бертовский Лев Владимирович болды.

Ресми рецензенттер:

Шарипова Әсел Бостанқызы – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры;

Хан Виталий Вячеславович – заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының қауымдастырылған профессоры.

Диссертациялық кеңестің отырысы аралас форматта (офлайн және онлайн) өтті. Кеңес төрайымы ҚАЕУ ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры Юлия Александровна Гаврилова болды.

ҚАЕУ Әділмұратова Рита Әділмұратқызын диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтайды, сондай-ақ диссертациялық кеңес мүшелеріне кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіреді. Бұл оқиға университет тарихындағы маңызды кезең болды және ҚАЕУ-нің ғылыми әлеуетін дамытуда жаңа бет ашты.