ҚАЕУ мен «Торпедо» хоккей клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ мен «Торпедо» кәсіби хоккей клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға «Торпедо» хоккей клубының директоры Қази Бауыржан Мұратұлы, клубтың баспасөз хатшысы Мышагин Артур Николаевич, PR-менеджері Быкова Валерия Игоревна және ҚАЕУ-дің бірінші вице-президенті Байкенов Жасұлан Ерболұлы және педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Нурланова А. Н. қатысты.

Меморандумға қол қою университет пен спорт ұйымы арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ бірлескен қызмет аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.