ҚАЕУ оқытушыларының «Референдум және құқықтық мемлекеттің дамуы: қоғамдық-саяси аспектілер» атты ғылыми конференцияға қатысуы
2026 жылғы 31 наурызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Референдум және құқықтық мемлекеттің дамуы: қоғамдық-саяси аспектілер» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Осы конференцияны өткізудің мақсаты құқықтық мемлекеттің дамуының өзекті мәселелерін және Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі референдумның рөлін талқылау болды.
Конференция аясында Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтын, Қазақстан-Американдық еркін университетін, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін және басқа да ұйымдардан спикерлер сөз сөйледі.
«Референдум Қазақстандағы конституциялық реформалардың тетігі ретінде: халықаралық тәжірибе және ұлттық тәжірибе тақырыбында ҚАЕУ ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Юлия Александровна Гаврилова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Мужчиль Савелий Александрович «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша вице-президенттің құқықтық мәртебесі» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу соңында конференцияға қатысушылар пікір алмасып, референдум институтының Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің дамуындағы маңыздылығын атап өтті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы






