ҚАЕУ оқытушысы ҚР Әділет министрінің алғыс хатын алды

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, ШҚО бойынша заң консультанттары палатасының заң консультанты, Қазақстандық заңгерлер одағының мүшесі Савелий Александрович Мужчиль Қазақстан Республикасы Әділет министрінен алғыс хат алды. Савелий Александровичтің педагогикалық өтілі 13 жыл. Біздің әріптесіміз бірнеше рет академиялық ұтқырлық бойынша Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық ЖОО – Ташкент мемлекеттік заң университетінде сабақтар өткізді.

Савелий Александровичті құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

                                Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы