ҚАЕУ студенті AIGA Grappling ашық турнирінің жүлдегері атанды
Астана қаласында өткен AIGA Grappling ашық турнирінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Саят Мырзағалиевті жүлделі орынмен құттықтаймыз.
Саят дене шынықтыру мен спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, кәсіби спортшылар арасында сәтті өнер көрсетті.
Қазақстан-Американдық еркін университеті өз студентінің жетістіктерін мақтан етеді және жаңа жеңістер, сенімділік пен тек алға жылжуды тілейді!
Педагогика және психология кафедрасы


