ҚАЕУ студенті гір спортынан екі дүркін әлем чемпионы атанды
2026 жылғы 14-18 қараша аралығында Ригада (Латвия) гір спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің түрлі елдерінен келген мықты спортшылар қатысты.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Қайрат Ернұр Қайратұлы Шығыс Қазақстан облысын абыроймен көрсете алды.
68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы екі алтын медаль жеңіп алды: «Жұлқи көтеру» жаттығуында бірінші орынға ие болды және «Ұзақ цикл» жаттығуында жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қайрат Ернұр екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Қайрат Ернұр Қайратұлы гір спортынан спорт шебері. Халықаралық аренадағы жоғары нәтиже оның табандылығының, мақсаттылығының, спорттық тәртібі мен кәсіби шеберлігінің дәлелі болды.
Қайратты ерекше жетістігімен құттықтаймыз! Бұдан әрі спорттық табыстар, жаңа рекордтар және ірі халықаралық жарыстарда жарқын жеңістер тілейміз!



