ҚАЕУ студенті кикбоксингтен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2026 жылдың 21-26 қазан күндері аралығында Тараз қаласында өткен Республикалық чемпионатта университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Ұланұлы Өркен кикбоксинг спортынан 63,5 кг салмақ дәрежесінде күш сынасып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Өркенге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, спорттық мансабында толағай табыстар тілейміз!