ҚАЕУ студенті «Туран-Астана» университетінде академиялық мобильділік аясында білім алуда

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті, Қазақстан-Американдық еркін университетінің Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенті Темірлан Мейрамханов 2025–26 оқу жылының күзгі семестрінде «Туран-Астана» университетінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алуда.

Университеттер арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы жасалған білім беру қызметтері саласындағы өзара әріптестік туралы келісім негізінде жүзеге асып келеді. Осы келісім аясында бірқатар бірлескен жобалар мен білім беру бастамалары табысты іске асырылды.

Темірланға «ТАУ»-дағы оқуында жемісті әрі қызықты білім алуын тілейміз! Студенттердің академиялық мобильділігін қолдағаны және белсенді әріптестігі үшін «Туран-Астана» университетіне алғыс білдіреміз.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы