ҚАЕУ студенті – жазғы биатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері
2026 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Щучинск қаласында еліміздің әр өңірлерінен спортшыларды біріктірген биатлоннан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.
Жарыста Шығыс Қазақстан облысының қысқы спорт түрлері бойынша Жоғары спорт шеберлігі мектебінің атынан Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Никита Акимов сәтті өнер көрсетті.
Ерлер арасындағы жарыста Никита жаппай стартта алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар қудалау жарысында күміс жүлдегер атанды.
Бұл нәтижелер спортшының жоғары деңгейдегі спорттық дайындығының, мақсатқа талпынушылығы мен табандылығының дәлелі болды.
Никита Акимовты республикалық чемпионатта табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Одан әрі спорттық жетістіктер, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілейміз!

