ҚАЕУ студентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиафорумына қатысуы
2025 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласының «Қазмедиа орталығында» өткен, ҚХА-ның 30 жылдығына арналған, Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубының медиафорумына қатысты. Форумның тақырыбы «Заманауи медиа кеңістіктегі этножурналистика: даму үрдістері мен бағыттары» болды.
Қатысушылар қатарында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҚХА журналистерінің өңірлік клубтарының төрағалары мен мүшелері, этникалық БАҚ өкілдері, «Қоғамдық келісім» өңірлік КММ баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болды.
ҚХА Журналистер клубы медиасаласы өкілдерін, баспасөз қызметттері қызметкерлерін, блогерлер мен тәуелсіз сарапшыларды біріктіретін сараптамалық-коммуникациялық алаң ретінде қызмет етеді. Оның негізгі міндеті — этноәлеуметтік тақырыпты сапалы жариялау, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық жауапкершілікті, құқықтық және медиа сауаттылықты дамыту үшін мамандардың күш-жігерін шоғырландыру.
Форум барысында этносаралық диалог мәдениетін қалыптастыру, төзімділікті нығайту, өңірлер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ этномедиа желісін және ҚХА Журналистер клубтарын дамыту мәселелері талқыланды.




