ҚАЕУ студентінің фристайл-могул бойынша Қазақстан чемпионатындағы қола жеңісі
2026 жылғы 30–31 наурыз аралығында Өскемен қаласындағы «НұрТау» тау-шаңғы курортында фристайл-могул бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің ең мықты спортшылары қатысты.
ҚАЕУ-дың 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Русаков Семён жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қола медаль иеленді.
Семён – спорттағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің түлегі. Дәл осы оқу орнында оның спорттық және кәсіби қалыптасуына берік негіз қаланған. Алған білімдері, жүйелі жаттығулары және тәлімгерлерінің қолдауы оның болашағы зор спортшы ретінде қалыптасуына үлкен әсер етті.
ҚАЕУ ұжымы өз студентінің жетістігіне мақтаныш білдіреді және Русаков Семёнға алдағы жарыстарда табысты өнер көрсетіп, жаңа жеке рекордтар мен жарқын жеңістерге жетуін тілейді!
Педагогика және психология кафедрасы

