ҚАЕУ студенттері арасында жүзуден жарыс
2026 жылғы 12 қазанда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында БЖСМ спорт кешенінің бассейнінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің 3-4 курс студенттері арасында жүзуден жарыс өтті.
Жарыс барысында қатысушылар жеңіске ұмтыла отырып, жүзу дағдыларын, төзімділік пен спорттық дайындықтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Жеңіс Есбол
II орын – Харахасбаян Серікбол
III орын – Рамазанов Әли
Сонымен қатар, студенттер 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың жаттығуларын байқауға, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және жас спортшылармен жұмыс істеу әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ тәртіпті, жауапкершілік пен өзара сыйластықты қалыптастыруға бағытталған.








