ҚАЕУ студенттері «Проекториум» психологиялық ойынына қатысты
2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының студенттері психология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Евгеньевна Кукина өткізген «Проекториум» психологиялық ойынына қатысты.
Ойын барысында қатысушылар идеяның пайда болуынан өз жобасын әзірлеуге дейінгі жолдан өтті: SMART технологиясы бойынша мақсаттар қоюды, SWOT-талдау жүргізуді, қажетті ресурстарды анықтауды, жұмыс кезеңдерін жоспарлауды және өз бастамаларын таныстыруды үйренді. «Проекториумға» қатысу ҚАЕУ студенттеріне теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, сыни және шығармашылық ойлауды, топтық жұмыс және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Педагогика және психология кафедрасы
