ҚАЕУ студенттері шайбалы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

ҚАЕУ студенті Вероника Агеева мен София Зубкованы 15-18 қазанда Жапонияның Саппоро қаласында өткен әйелдер командалары арасында шайбалы хоккейден Азия чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 5:1 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды!

Ерекше мақтаныш – София Зубкованың чемпионаттың үздік шабуылшысы атануы!

Марапаттау рәсімі Таиланд патшайымы Сутхида Вачиралонгкорнның қатысуымен өтті, бұл  оқиғаға ерекше салтанат сыйлады.

Қазақстан-Американдық еркін университеті өз студенттерін мақтан тұтады! Халықаралық аренада жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы