ҚАЕУ студенттері сындарлы диалог құруда
2025 жылғы 17-18 сәуірде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Қазақстан-Американыдқ еркін университетінің студенттер тобы құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Е.Н.Егоренкованың жетекшілігімен «Жастар ортасындағы сындарлы мәдениетаралық диалог» Халықаралық студенттер мектебінің жұмысына қатысты. Іс — шара «Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту» жобасы аясында өтті, оның мақсаты – толерантты сананы ұзақ мерзімді қалыптастыру әдістерінің негіздерін нығайту және жүйелеу.
Мектепті Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО әкімі аппаратының «Достық Үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ атынан Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және ШҚО ҚХА ғылыми — сараптамалық тобының қолдауымен ұйымдастырды.
Мектепке әр түрлі университеттердің студенттері қатысты, соның ішінде Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., РФ), Шәкәрім университеті (Семей қ.), ҚАЕУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ.
Қатысушылар жастар арасында диалог пен мәдениетаралық түсіністікті дамытуға ықпал ете отырып, тәжірибе мен біліммен белсенді алмасты.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



