ҚАЕУ студенттерімен адвокат Гитерман А.А. кездесуі
Болашақ заңгерлердің тәжірибелік дайындығы аясында 2025 жылдың 10 қазанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде адвокат Александр Александрович Гитерман мен ҚАЕУ заң клиникасының жұмысына қатысатын Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында заң клиникасының қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланып, халыққа тегін құқықтық көмек көрсету бойынша студенттердің тәжірибелік қызметке қатысу бағыттары анықталды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



