ҚАЕУ студенттерінің «Аманат» партиясының  «Жастар Рухы» жастар қанатымен кездесуі

2025 жылғы 30 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің «Аманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуде жастарды толғандыратын мына өзекті мәселелер талқыланды: студенттердің ел дамуындағы рөлі, қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуы, көшбасшылық және  азаматтық белсенділік. «Жастар Рухы» өкілдері жұмыс тәжірибесімен бөлісті, іске асырылып жатқан бастамалар туралы айтып, студенттерді қозғалыс қызметіне белсенді қатысуға шақырды.

Бұл ҚАЕУ студенттері үшін ой-өрісін кеңейтуге, жаңа білім алуға және  тұлғалық өсу мен кәсіби даму үшін уәждеме алуға тамаша мүмкіндік болды.

Кездесу соңында қатысушылар студенттерді қолдауға және өңірдегі жастар саясатын дамытуға бағытталған ынтымақтастық, бірлескен жобалар мен бастамалар туралы келісті.