ҚАЕУ журналист-студенттері «Устинка LIVE» порталының редакциясына барып қайтты

2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері өңірдің жетекші ақпараттық порталдарының бірі – «Устинка LIVE» редакциясына барып қайтты.

Студенттерді медиа портал басшылығы қарсы алды: директоры Виктор Скрипниченко және бас редакторы Виктор Раченков. Олар қонақтарды редакцияның ішкі  өмірімен таныстырды, заманауи жаңалықтар порталының құрылымы және бүгінгі таңда Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қойылатын талаптар туралы айтып берді. Студенттер үшін қазіргі тәжірибешілермен байланысу мүмкіндігі ерекше құнды болды. Басылымның тәжірибелі журналистері: Евгения Чех, Галина Пестрякова, Дмитрий Крюкович және Назерке Каримова өздерінің кәсіби жолдары, эксклюзивті тақырыптарды іздеу және дереккөздермен жұмыс туралы айтып берді. Кездесудің басты тақырыбы  бұқаралық ақпарат саласының  өзгеруі болды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ аға әріптестерінен құнды кеңестер алды. Мұндай көшпелі кездесулер мамандықты іштен көріп қана қоймай, оқыту кезеңінде де әлеуетті жұмыс берушілермен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Педагогика және психология кафедрасы «Устинка LIVE» ұжымына жылы қабылдауларына және жас кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді!