«Үздік студент» республикалық байқауындағы жеңіс
2026 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында «Білім-Инновация» ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Үздік студент» республикалық байқауына еліміздің жоғары оқу орындарының дарынды студенттері қатысты.
Аталған байқауға университетіміздің 4-курс студенттері, «Құқық және құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім алушы. Жакуева Ұлпан Қайратқызы және Айдосқызы Айбота қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, І дәрежелі дипломға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы медальмен марапатталды. Жетекшісі – (PhD) Адильмуратова Рита Адильмуратовна. Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен кәсіби дайындығының, сондай-ақ жетекшінің білікті басшылығының айқын дәлелі.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!




