Ұлттық мұрамен танысу саяхаты
2025 жылдың 25 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінің 1,3 және 4-курс студенттері «Тіл мәдениеті» пәні аясында Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына экскурсия жасады.
Экскурсия барысында студенттер Қазақстанның түрлі өлкелерінің этнографиялық жәдігерлерімен танысты. Мұражай экспозицияларындағы ұлттық киімдер, ағаш пен металлдан жасалған тұрмыстық бұйымдар, ат әбзелдері, зергерлік қолөнер туындылары, киіз үй, кілем түрлері мен оны дайындау технологиясының құралдары студенттерге үлкен әсер қалдырды.
Сапардың мақсаты – болашақ студенттердің білім көкжиегін кеңейту, туған өлке тарихын тереңірек тануға жол ашу болды. Студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, мұражайдан көптеген танымдық деректермен оралды.
Экскурсияны ұйымдастырған аға оқытушы-зерттеуші Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы мен гид қызметін атқарған 3-курс студенті Шалабаева Аймаралға алғыс білдіреміз!















