Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыптық іс-шара

2025 жылғы 29 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Ұлы Отан соғысына арналған тақырыптық іс-шара өтті. Ол Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Ұлы Жеңіс халқымыздың батылдығының, бірлігі мен табандылығының символы болып қала береді. Бұл күні іс-шараға қатысушылар батырлардың ерліктерін еске түсіретін тарих беттеріне тағы да тоқталды.

Іс-шараның құрметті қонағы еңбек ардагері Сиргиенко Любовь Спиридоновна болды. Ол студенттер мен оқытушылар алдында соғыс жылдары туралы шынайы  әңгімесімен сөз сөйледі, Ұлы Отан соғысы тарихындағы аз белгілі фактілермен, сондай-ақ соғыс уақытындағы қиын сынақтардан өткен өз отбасының естеліктерімен бөлісті. Оның сөздері тыңдаушыларға терең әсер етіп, мақтаныш пен ризашылық сезімін тудырды.

Әрі қарай сөз тарих пәнінің оқытушысы Турова Лидия Петровнаға берілді. Ол Ұлы Отан соғысының басты оқиғалары мен маңызды күндері туралы қызықты және танымдық дәріс дайындады. Мұрағаттық бейнематериалдармен, деректі шежірелермен және фото слайдтармен сүйемелденген дәріс студенттерге  әскери қимылдарының барысын, бейбіт  халықтың қиындықтарын және тылдың жалпы жеңіске қосқан үлесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік берді. 1945 жылдың көктемінде қалаларды азат ету және жеңімпаздардың кездесуі туралы кадрлар ерекше әсер қалдырды.

Студенттер ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы тарихты  білу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіріп, оны жүректен жүрекке жеткізе отырып, сол оқиғаларды есте сақтаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.