ҚАЕУ басшылығының Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен және ШЫҰ өкілімен жұмыс кездесуі

2025 жылғы 21 шілдеде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Қытай Халық Республикасының делегациясымен және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) өкілімен жұмыс кездесуі өтті.

Қытай делегациясының құрамына ШЫҰ өкілі Ван Юцян ханым, Шэньсий ғылым және технологиялар университетінің проректоры Ли Донву мырза, сондай-ақ Сиань авиациялық кәсіптік-техникалық колледжі басшылығының өкілі кірді.

Кездесуде ҚАЕУ атынан ректор Айдар Мәмбетқазиев, ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту жөніндегі проректор Юлия Гаврилова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Мерзоянұлы Әбілов, сондай-ақ ҚАЕУ президенті аппаратының басшысы Ботагөз АспандиярқызыУмитчинова қатысты.

Кездесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады. Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару саласында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ дрондарды тиімді пайдалану үшін қажетті мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді зерделеу, сондай-ақ осы саладағы оқытушылар мен мамандар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.

ҚАЕУ басшылығы осы серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, бірлескен бастамалар қазіргі заманның ең келешегі бар салаларының бірінде сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауда жаңа көкжиектер ашатынына сенім білдірді.

Кездесу жылы және сындарлы атмосферада өтті, бұл халықаралық диалог пен білім беру өзара іс-қимылын дамытуға деген өзара ұмтылыстың айғағы болды.