ҚАЕУ-де II өңірлік көркемсөз оқу байқауы өтті

2026 жылғы 30 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде II өңірлік көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау жастар арасында әдеби шығармашылықты қолдау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және өңірлік поэзияны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының түрлі білім беру ұйымдарынан келген мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Байқауды ҚАЕУ-дің бірінші вице-президенті Байкенов Жасұлан Ерболұлы, сондай-ақ ҚАЕУ ректорының кеңесшісі, қазылар алқасының төрайымы Наталия Александровна Нестеренко ашты.

Қазылар алқасының құрамына кіргендер:

1.⁠ ⁠Воронин Андрей Васильевич – облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі;
2.⁠ ⁠Каханов Виталий Александрович – «VITA» кәсіпорындар тобы» ЖШС бас директоры;
3.⁠ ⁠Бурамбаева Махаббат Жетпісқызы– №12 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
4.⁠ ⁠Сәрсеков Берік Ербулатұлы –Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының “Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі БАҚ-пен жұмыс бөлімінің сарапшысы;
5.⁠ ⁠Демьянова Инесса Сергеевна – математика, физика, информатика бағытында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
6.⁠ ⁠Еділбаева Гүлжан Бақытбекқызы– ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының ҚТмӘ аға оқытушысы;
7.⁠ ⁠Мошенская Наталья Алексеевна – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

Байқау қатысушылары Серик Габдуллин, Евгений Курдаков, Михаил Чистяков, Оралхан Көшеров, Халелхан Әділханов, Ұлықбек Есдәулет, Павел Васильев және Көпен Ерқасов сияқты қазақстандық және өңірлік авторлардың шығармаларын ұсынды.

Бағдарламада авторлық өлеңдер ерекше орын алды. Гаяз Карахожин, Полина Кравченко, Нейля Нұрғазина, Маргарита Родионова, Ксения Злобина, Ардабек Кабылахат және Алихан Сулейменов өздерінің ақындық өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың өнер көрсету тақырыптары терең мазмұнды қамтыды: туған жер мен Өскемен қаласына деген сүйіспеншілік, мұғалімдерге шынайы алғыс сөздері, сондай-ақ ҚАЕУ-дің 30 жылдық мерейтойына орай арнаулар оқылды.

«VITA» кәсіпорындар тобы» ЖШС бас директоры Каханов Виталий Александрович сыйлықтар табыстап, өз сөзінде цифрлық технологиялар дәуірінде кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытынды хаттамамен мына жерден танысуға болады.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті