ҚАЕУ-де мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдерімен кездесу өтті
2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің Қазақстан Республикасы ІІМ «ШҚО және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты болашақ түлектерді ішкі істер органдарында қызмет өткеру ерекшеліктерімен, кандидаттарды іріктеу тәртібімен және мемлекет жас мамандарға беретін әлеуметтік кепілдіктермен таныстыру болды.
МКҚБ өкілдері қызметке кіру кезеңдері мен кандидаттарға қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Студенттерге МКҚБ қатарында жұмыс істеудің негізгі бонустары түсіндірілді.




