ҚАЕУ командасы – «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұрасы» IV Республикалық педагогикалық олимпиадасының жүлдегері

2025 жылғы 23-24 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында педагогикалық дайындық бағыттарының студенттері арасында IV Республикалық педагогикалық олимпиада өтті. Биылғы іс-шара «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұрасы» тақырыбына арналды.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қазіргі білім беру жағдайында Ұлы Абайдың педагогикалық мұрасын өзектендіру.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің командасы олимпиаданың жүлдегері атанып, құрметті III орынға ие болып, ақшалай сыйлық алды.

Олимпиада бағдарламасы үш кезеңнен тұрды:

   1.         Абайдың педагогикалық идеяларын пайдалана отырып, өмірлік жағдайды сахналау.

   2.         Оқу сабағының үзіндісін көрсету.

   3.         «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғау.

ҚАЕУ командасының құрамы:

  • Рамазанов Әли Нұрбекұлы – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы, 2 курс;
  • Тілеужанова Тахмина Тілеубекқызы – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, 2 курс;
  • Нысанова Құралай Ержанқызы – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, 2 курс;
  • Сейітқұмарова Ділназ Мұратқызы – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, 2 курс.

Команда жетекшілері – ҚАЕУ оқытушылары:

  • Нұрланова Әсем Нұрланқызы – филология ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;
  • Еділбаева Гүлжан Бақытбекқызы-педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

ҚАЕУ командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және университетті республикалық деңгейде лайықты көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

Педагогика және психология кафедрасы