ҚАЕУ магистранты – «Инновациялық мұғалім-2025» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы

Қазақстан-Америкадық еркін университеті «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Сабина Ерланқызы Бакиеваны ШҚО Білім басқармасы мен Өскемен қаласының білім бөлімі ұйымдастырған 3 желтоқсанда өткен «Инновациялық мұғалім – 2025» байқауының қалалық кезеңіндегі сенімді жеңісімен құттықтайды.

Сабина Ерланқызы «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ҚАЕУ бакалавриатының түлегі болып табылады және оның жетістігі біздің университетте педагог кадрларды даярлаудың жоғары деңгейін айқын растайды.

Қазіргі уақытта ол Өскемен қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де педагог-модератор болып жұмыс істейді, оқытудың заманауи әдістемелерін сәтті енгізіп, жоғары кәсіби нәтижелерін көрсетуде.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер, жаңа білім беру бастамалары мен кәсіби өсуді тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы