ҚАЕУ оқытушысының Шымкент пен Ташкенттегі іс-шараларға қатысуы
2025 жылғы 29 мамырда ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль С.А. Шымкент қаласына барып, «Мирас» университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың келшектегі бағыттарын талқылады.
2025 жылғы 30 мамырда Савелий Александрович Ташкент мемлекеттік заң университетінің базасында өткен Алғашқы жастар заң форумының жұмысына қатысты. Форум аясында ҚАЕУ оқытушысы баяндама жасап, қабылдаушы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Сол күні Мужчиль С. А. «Орыс тілі және халықаралық білім беру ортасы: Өзбекстан – Тәжікстан – Ресей» Халықаралық педагогикалық форумына қатысты. Іс-шараны Өзбекстан мен Тәжікстандағы Россотрудничество өкілдіктері ұйымдастырып, Ташкенттегі Орыс үйінде өтті.
Әріптесіміздің осы маңызды іс-шараларға қатысуы ҚАЕУ-нің халықаралық байланыстарын кеңейтеді, тәжірибе алмасуға ықпал етеді және өңірдің жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты нығайтады.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



