ҚАЕУ президенті грантының иегері анықталды
2026 жылдың 26 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиетінен XII аймақтық олимпиада өткізді. Пәндік олимпиадаға Күршім, Ұлан, Марқакөл, Глубокое, Шемонаиха аудандары, Алтай, Риддер және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 83 оқушы қатысты.
Пәндік олимпиадалар – дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін бұл – өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктейді, сонымен қатар болашақ талапкерлер арасында ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын түсінуге мүмкіндік туғызады.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар пән бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезеңде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты эссе жазды.
Олимпиада аясында жетекші мұғалімдерге №48 қосымша білім беретін мектеп-орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім-сарапшысы Булатқанұлы Елдар «Қазақ әдебиетін оқытуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында семинар оқып, сертификаттар табысталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:
10-сыныптар арасында:
| Орын | Аты-жөні | Мектеп |
| 1-орын | Қайрат Айдана | ШҚО ББ Өскемкен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалапы орта білім беретін мектеп» КММ |
| Базиолда Мұхамедияр Серікұлы | Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ | |
| 2-орын | Тілеуханқызы Айым | ШҚО ББ Өскемкен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалапы орта білім беретін мектеп» КММ |
| Дүйсек Айым | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» КММ | |
| 3-орын | Садатқызы Зәурет | ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ |
| Тілекқызы Мөлдір | Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі»КММ | |
| Бимадиева Адэл | ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ |
11-сыныптар арасында:
| Орын | Аты-жөні | Мектеп |
| 1-орын | Бейбітқызы Аружан | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» КММ |
| 2-орын | Рахамбай Назира | Ұлан ауданы білім бөлімі бойынша «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ |
| 3-орын | Жүніспекова Фатима Жанатбекқызы | ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «№1 Предгорное орта мектебі» КММ |
Биыл өткізілген XII Аймақтық Олимпиаданың
жүлде қоры төмендегідей болды:
| 1-орын | Қазақстан-Американдық еркін университеті Президентінің Гранты |
| 2-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік |
| 3-орын | ҚАЕУ-де оқу ақысына 30 % жеңілдік |
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел болашағы боларлық білімді талапкерлерді дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз!
«Педагогика және психология» кафедрасы




























