ҚАЕУ Start 2 Group халықаралық компаниясымен ынтымақтастық орнатуда

2025 жылғы 14 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Start 2 Group халықаралық компаниясының өкілі Макс Фурманмен кездесу өтті.

Start 2 Group-бұл стартаптардың дамуына және мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасында серіктестер табуға көмектесетін жаһандық платформа. Компания 20-дан астам елде жұмыс істейді, бүкіл әлем бойынша 16 кеңсесі бар, 100+ қызметкер мен 1000+ тәжірибелі тәлімгерлерді біріктіреді.