ҚАЕУ студенті Мәскеуде халықаралық тағылымдамадан өтті

Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Журналистика” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Валерия Родионова «Интерновости» Россотрудничество жобасы аясында таныстыру тағылымдамасына қатысты. Бағдарлама 2025 жылдың 24-27 тамызы аралығында Мәскеуде өтті және әртүрлі елдердің жас медиа мамандарына арналды. Валерия Беларусь, Қырғызстан, Абхазия және басқа елдердің атынан келген қатысушылардың қатарына кірді. Бұл Валерия бұрын оқу  іс-тәжірибесінен өткен «Устинка+» жаңалықтар интернет-порталымен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Тағылымдама жетекші ресейлік БАҚ — ТАСС және «Коммерсантъ» редакцияларына баруды, сондай-ақ медиа бизнес өкілдерімен және халықаралық ақпараттық саясат саласындағы сарапшылармен кездесулерді қамтыды. Кәсіби бөлімнен басқа, қатысушылар  астананың мәдени өмірімен танысып, «Футурион» арт-кеңістігіне барды.

Тағылымдама журналистика және халықаралық коммуникациялар саласындағы даму үшін маңызды тәжірибеге айналды.

Педагогика және психология кафедрасы