ҚАЕУ студенті – жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері
2026 жылғы 26-28 ақпан аралығында Өскемен қаласында залда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, онда ҚАЕУ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нұрланұлы Бақытжан 4×200 метр эстафеталық жүгіруде қола медаль жеңіп алды.
Нұрланұлы Бақытжан «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Шәкәрім Жоғары колледжінің түлегі болып табылады, онда оның кәсіби және спорттық қалыптасуының берік негіздері қаланды. Алынған білім, жүйелі жаттығулар және тәлімгерлердің қолдауы оны келшегі бар жеңіл атлет ретінде қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
ҚАЕУ өз студентінің жетістіктерін мақтан етеді және Нұрланұлы Бақытжанға одан әрі табысты старттар, жаңа жеке рекордтар және түрлі деңгейдегі жарыстарда жарқын жеңістер тілейді!
Педагогика және психология кафедрасы

