ҚАЕУ студентінің Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіндегі (Германия) тағылымдамасы
Қазақстан-Американдық еркін университетінің 7М02302 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, Леонард Эйлер стипендиясын алған Упобаев Ернар қазіргі уақытта Германияның Цвиккау қаласында орналасқан Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінде бір айлық тағылымдамадан өтуде.
1897 жылы құрылған Батыс Саксон университетінде заманауи материалдық-техникалық база, жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрам бар және оқу мен ғылыми жұмыс үшін тамаша жағдай жасайды. Қазақстан-Американдық еркін университетінің ресми серіктес-ЖОО бола отырып, бұл университет ҚАЕУ магистранттарына гуманитарлық және техникалық пәндерді оқытудың еуропалық әдістемесімен танысуға, сондай-ақ аударма және басқа да пәндер саласында жаңа білім, білік және дағды алуға бірегей мүмкіндік береді.
Өз тағылымдамасы аясында Ернар Упобаев университеттің жетекші оқытушыларының жетекшілігімен жұмыс істейді, зерттеу қызметімен айналысады және өзінің диссертациялық зерттеуі бойынша кеңес алады. Ернар –осы беделді оқу орнында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алған «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының төртінші магистранты.
Батыс Саксон университетімен ынтымақтастық ҚАЕУ студенттеріне халықаралық аренада кәсіби және академиялық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беру арқылы жаңа көкжиектер ашады.
