ҚАЕУ  заң клиникасының жетекшісі ШҚО бойынша «Әділетті және  Прогрессивті Қазақстан Халық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының жұмысына қатысуда

ҚАЕУ заң клиникасының жетекшісі Мужчиль С.А. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі Республикалық Референдум  қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Әділетті және  Прогрессивті Қазақстан Халық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының жұмысына белсенді қатысуда.
         Савелий Александрович коалицияның басқа мүшелерімен бірге ҚР жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының ұйымдары мен мекемелерінде жүргізуде. Біздің әріптесіміздің Өскемен қаласының  №29 орта мектеп ұжымы, ҮМЗ,  ШҚО бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Филиалы тыңдаушылары, Риддер қаласындағы ЖЭО ұжымы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы мен студенттері және Риддер қаласы жұртшылығымен кездесулері өтті.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы