ҚАЕУ және ШҚУ ғалымдарының ынтымақтастығы: ғылыми серіктестікті дамыту және жаңа жетістіктер
Қазақстан-Американдық еркін университеті ғылыми зерттеулер мен инновациялық даму саласында берік байланыстарды қалыптастыра отырып, еліміздің жоғары оқу орындарымен академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды белсенді түрде кеңейтуде. ҚАЕУ-нің ұзақ мерзімді серіктестіктері ғылыми әлеуетті біріктіруге, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.
2024 жылдан бастап Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Рахметулина Әйгерім Абайқызы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білімі министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Адами капиталды басқару, цифрлық экономиканы дамыту жағдайында еңбек ресурстарының сапасын арттыру» ИРН AP23490443 ғылыми жобасын (2024-2026жж.) іске асыруға белсенді қатысады. Зерттеу аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және Алтай мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) ғалымдарымен ЖОО аралық және халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады. Жобаның халықаралық форматы академиялық ортада да, мемлекеттік басқару мен бизнес-сектор тәжірибесінде де сұранысқа ие ғылыми ұсыныстарды қалыптастыра отырып, оның қолданбалы маңызын күшейтеді.
Осы жоба аясында 2025 жылдың қазан айында А.А Рахметулина PhD докторы Ж.Е.Байкеновпен бірлесіп «Scientific paper «Mechanisms for Enhancing the Employment Efficiency of University graduates in the Context of Human Capital Development (within the framework of project №АР23490443)» әзірледі, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 08.10.2025 жылғы №62782 авторлық құқықты тіркеу туралы куәлігі алынды.
ҚАЕУ, ЕҰУ және ШҚУ-дың зерттеу әлеуетін біріктіретін университетаралық ынтымақтастықтың бұл нәтижесі университеттің еңбек нарығының тиімділігін арттыру үшін инновациялық шешімдерді дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.
Мұндай жобалар ҚАЕУ-нің экономика, бизнес, цифрландыру және адами капиталды басқару саласындағы озық зерттеулерді дамытатын ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.
