ҚАЕУ Жоғары колледжінде кәсіпкерлік кейстер бойынша сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті

2026 жылғы 18 ақпанда ҚАЕУ Жоғары колледжінде ҚАЕУ Кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған Кәсіпкерлік айы шеңберінде көшпелі сессия өтті. Студенттер  тәжірибелік жағдайларды талқылап, бизнес-модельдерді құру бойынша сұрақтарға жауап берді. Осыдан кейін қатысушылар кері байланыс алып, нәтижелерін халықаралық кәсіпкер Аллен Ленардпен талқылады.

Сессия барысында екі бағыт бойынша бейнероликтер ұсынылды: «Мейірім» еріктілер қайырымдылық қозғалысы және құқықтық бастама. Бұл жобалар студенттердің әлеуметтік белсенділігін және олардың қала үшін пайдалы бастамаларды жүзеге асыруға дайындығын көрсетті. 

Аллен Ленард бизнес тәжірибесімен бөлісіп, топтық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында оның тілек сөзі айтылды: «Ел және біздің қаламыз сенімді қолдарда».

Материалды Анастасия Семенова дайындады