ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуі
2026 жылғы 8 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжінің қабырғасында ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Савелий Александрови Мужчильдің «Құқықтану» мамандығының колледж түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында Савелий Александрович құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының білім беру бағдарламалары, сондай-ақ университеттегі оқу ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Университетте білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқу және ғылыми іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқандығы атап өтілді.
Іс-тәжірибеден өту мәселелеріне және студенттердің кәсіби қалыптасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылды жүзеге асырады, бұл болашақ мамандарды тәжірибеге бағдарланған даярлауға ықпал етеді.
Студенттер сонымен қатар шетелдік әріптестік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық және оқу мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу аясында «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Никита Бастаногов өзінің оқу тәжірибесімен бөлісті, ол студенттердің университеттің ғылыми және оқудан тыс қызметіне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

