ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттеріне арналған құқық викторинасы
2026 жылғы 31 наурызда ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығының бітіруші курс студенттері үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде құқықтық тақырыптар бойынша викторина өтті. Іс-шараны ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар құқық саласындағы білімдерін көрсетті, өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға қатысты, сондай-ақ оқуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.
Университеттің білім беру бағдарламаларына, оқуға түсу шарттарына және академиялық ұтқырлық келешегіне ерекше назар аударылды.
ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттеріне оқуды сәтті аяқтап, одан әрі білім беру траекториясын саналы түрде таңдауды тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

