«Қазіргі әлемдегі медиация» форумы
2025 жылғы 25 желтоқсанда «Құқықтану» ББ 4 курс студенттері Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Қазіргі әлемдегі медиация» форумына қатысты.
Біздің студенттер медиация және партисипативтік рәсімдер саласындағы білімдерін көрсетіп, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, ҚАЕУ Жоғары колледжі және Облыстық адвокаттар алқасы командалары арасында 3- құрметті орынға ие болды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



