«Қоғамдағы іскер әйелдердің рөлі» тақырыбындағы Дөңгелек үстел

Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2026 жылдың 3 наурызында «Іскер әйелдердің қоғамдағы рөлі» тақырыбына  Дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Ішкі істер департаментінің, прокуратураның, кәсіпкерлік саласының, сондай-ақ академиялық қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді. Алаң қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі, оның көшбасшылық әлеуеті, әлеуметтік жауапкершілігі және  өңірдің дамуына қосқан үлесі туралы ашық диалог кеңістігіне айналды.

Талқылау барысында құқықтық қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, мемлекеттік құрылымдар мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кемсітушіліктің кез келген түріне нөлдік төзімділікті дамытуға және қауіпсіз ортаны құруға ерекше назар аударылды.

Спикерлердің сөз сөйлеуі  тәжірибелік бағыттылығымен, терең талдауымен және нақты өзгерістерге шынайы қызығушылығымен ерекшеленді. Қатысушылар құқық қорғау органдарының, бизнестің, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері ғана әйелдер құқықтарының тұрақты дамуы мен қорғалуын қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

Мұндай кездесулер ведомствоаралық өзара іс – қимылды нығайтып қана қоймай, жас ұрпақ үшін құндылық бағдарларын – құрмет, жауапкершілік, заңдылық және адами қадір-қасиетті  қалыптастырады.