Ұлы Жеңістің 80 жылдығы!

2025 жылдың 9 мамырында Қазақстан-Американдық Еркін Университеті Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысып, Ұлы Отан соғысы қаһармандарына тағзым етті.

КАЕУ студенттері мерекелік іс-шараларға зор мақтанышпен қатысып, халқымыздың ерлігін арқау еткен концерттік бағдарламаға белсене атсалысты. Олардың өнер көрсетулері ардагерлерге деген терең құрметтің, алғыстың және ризашылықтың көрінісі болды.

Біз дәстүрді сақтап, тарихты ұмытпай, Жеңіс туралы естелікті жаңа ұрпаққа жеткізе алатынымызға мақтанамыз!

Қаһармандарға мәңгілік даңқ!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!