«Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» ШҚО бойынша өңірлік коалиция мүшелерінің ҚАЕУ-де кездесуі!

2026 жылғы 10 наурызда ҚАЕУ-де «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» ШҚО бойынша өңірлік коалиция мүшелерінің университет қызметкерлерімен және студенттерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті, оған Боранғалиева Шынар Бақытқанқызы және Мужчиль Савелий Александрович қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасындағы өзгерістер талқыланды. Алдағы 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында өтетін республикалық референдумға қатысуға қатысты барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.