Өлкетану мұражайына саяхат
2025 жылдың 5 желтоқсанында Журналистика мамандығының 1 және 3 курс студенттері Тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бұл күн студенттер үшін жай сапар емес, туған өлке тарихына терең үңілетін, елдің рухын сезінетін ерекше бір тарихи саяхат болды. Музей табалдырығын аттаған сәттен-ақ білім алушыларды жылы атмосфера, бай экспозициялар мен тарихи жәдігерлер қарсы алды. Мұндағы әрбір зал өз алдына бір кезеңді бейнелеп, сол дәуірдің рухын сезінуге мүмкіндік береді.
Студенттер саяхат сабақта гид болған Диляра Қорғаудан өңір тарихындағы жәдігерлерге, өсімдік пен жануарлар әлемі, ұлттық тұрмыс заттары туралы тың ақпарат тыңдады, әр экспонатқа мән беріп, сұрақ қойып, белсенділік танытты. Ерекше есерлі болған жайттардың бірі-музейдегі экспозициялардың шынайылығы. Әрбір бұрыштан сезілетін тарихтың тынысы, жәдігерлердің сақталуы мен көркем безендірілуі көңілде жылы әсер қалдырды, туған өлке табиғаты мен тарихы үшін мақтаныш сезімін ұялатты.
“Тіл мәдениеті” пәні аясында өткен бұл саяхат сабақты ұйымдастырған аға оқытушы-зерттеуші Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы мен мұражаймен таныстырған гид-студент Қорғау Дильяраға алғыс білдіреміз!














