Өскемен қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының қонақ дәрісі
2025 жылғы 8 желтоқсанда қосарлы оқыту аясында Өскемен қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бекқалиев Ақыл Асқарұлының қонақ дәрісі өтті. Іс-шара құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі» және «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері үшін ұйымдастырылды.
Дәріс барысында студенттерге тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылып, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері қаралды, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар белгіленді.
Студенттердің кәсіби дайындығын қолдағаны және ынтымақтастығы үшін Өскемен қаласының Полиция басқармасына алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

