11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» IX Облыстық олимпиадасы
2025 жылғы 25 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде 11-сынып оқушылары арасында «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында Қазақстан тарихы бойынша IX Облыстық олимпиада өтті.
Олимпиаданы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.
Жеңімпаздар үшін келесі сыйлықтар қарастырылды:
* 1 орын – ҚАЕУ Президенті, академик Е.Ә. Мәмбетқазиевтің білім гранты;
* 2 орын – ҚАЕУ-де оқуға 50% жеңілдік;
* 3 орын -ҚАЕУ-да оқуға 30% жеңілдік.
Олимпиадаға қатысушылар тест және логикалық тапсырмаларды орындады, «тікелей» сұраққа жауап берді, сонымен қатар тақырыптық кроссвордты шешті. Барлық тапсырмалар Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдениеті бойынша материалдарды қамтыды.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 11-сыныптарының 41 оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
* 1 орын – Ахметқалиева Аяжан Қуанышбекқызы (Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицей);
* 2 орын – Серханқызы Әдемі (Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицей);
* 3 орын – Қалмақпаева Карина Саматқызы («Никольская орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімі).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



































