18 наурыз 2026 жылы ҚАЕУ-де «Адалдық алаңы» диалогтық алаңы өтті
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) 1 курс білім алушыларына арналған «Адалдық алаңы» атты сұхбаттасу диалогы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында қатысушыларға рухани мәдениеттің қоғамдағы маңызы, оның тәрбие, сана және білім арқылы қалыптасатыны кеңінен түсіндірілді. Қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесіндегі «ұят болады» қағидаты мен ұлттық құндылықтардың бүгінгі күнмен сабақтастығы ерекше атап өтілді.
Іс-шараға арнайы спикерлер қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда:
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Медетханович Айкымбеков;
• ҚАЕУ президентінің бірінші орынбасары, PhD докторы Жасұлан Ерболович Байкенов;
• Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Берікжан Аманғазин;
• ҚАЕУ комплаенс-офицері Ардақ Құрманбаевна Абдрахманова.
Спикерлер өз баяндамаларында адалдық қағидаттарының қоғамдағы рөліне тоқталып, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында Құқықтану мамандығының 2 курс студенттері «Парасыз сессия» тақырыбында шағын көрініс ұсынып, академиялық адалдық мәселесін сахналық түрде көрсетті.
Диалог алаңы ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын арттырып, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
















